Журналист Ермұхамед Мәулен Қазақстан ұлттық құрамасында кадрлық өзгерістер жүріп жатқанын айтып, жаңа бас бапкер ретінде Массимо Каррераның келуі мүмкін екенін жасырмады.
Футболдан Қазақстан құрамасын үлкен өзгерістер күтіп тұр. Атап айтқанда, көп ұзамай ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер тағайындалуы мүмкін. Қазіргі уақытта команданы уақытша Талғат Байсуфинов басқарып отыр. Журналист Ермұхамед Мәуленнің айтуынша, бапкерлік штабта да ауыс-түйістер жүріп жатыр.
“Ұлттық құрамаға енді Талғат Байсуфинов келді. Өте сенімді адам. Әйтеуір дайындықты жүргізіп жатыр. Кадрлық өзгерістер жасап жатыр. Жаңа команданың бапкерлік штабында жүрген адамдарды өзгертті. Енді Марат Ислямов Жолдасұлы келіп жатыр. Иван Азовский дейміз. Максим Зуев сияқты Ресей азаматтарын жұмыстан алып тастап жатыр”, — деді Ермаш Fonteam арнасындағы шығарылымда.
Оның айтуынша, Байсуфинов қазіргі таңда төрт ойынға уақытша жаттықтырушы ретінде бекітілген. Осы кезеңнен кейін ұлттық құраманың жаңа бас бапкері тағайындалуы мүмкін.
“Максимо Каррера келеді дейсің ғой оған дейін... Иә, жарайды, жақсы”, — деп Ермаш сөзін түйіндеді.
Естеріңізде болса, Қазақстан құрамасы Бельгиядан ойсырай жеңілгеннен кейін сол кездегі бас бапкер Әли Әлиев қызметінен өз еркімен кететінен мәлімдеген еді.