Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Фабио Каннавароның Өзбекстан құрамасына тағайындалуын Ресейде "ұят шешім” деп сынады

Сарапшы, спорт журналисі
06.10.2025, 18:55

2006 жылғы «Алтын доп» иегері Фабио Каннаваро ресми түрде Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

фото ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Итальяндық аңыз Өзбекстан құрамасын басқаруға кірісті

Тұңғыш рет 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған өзбек құрамасы Каннавароның жетекшілігімен дайындық өткізеді.

Алайда бұл жаңалық Ресейдің championat.com сайтындағы футбол жанкүйерлерінің наразылығын тудырды. Көпшілік Каннавароның тағайындалуын әділетсіз әрі сәтсіз шешім деп бағалады.

Жанкүйерлердің ашуының басты себебі — құраманы әлем чемпионатына алғаш рет алып шыққан Тимур Кападзе қызметінен босатылып, оның орнына тәжірибесі аз Каннавароның келуі.

Желі қолданушылары не деді?

Ресей сайтындағы пікірлердің кейбірі былай дейді:

  • «Ол мүлде керек емес еді. Кападзені қалдырғанда дұрыс болар еді – әлем чемпионатына дәл сол шығарған».
  • «Жергілікті маманды алып тастап, орнына “шала бапкерді” қою – бұл толық провал».
  • «Өз мамандарың бар, неге мүмкіндік бермейсіңдер? Енді нәтиже болмайды».
  • «Тек аты бар бапкер. Каннаваромен бару – тек бедел үшін сияқты. Бейімделуге көп уақыт кетеді».
  • «Мынау нағыз масқара! Өз маманың әлем чемпионатына шығарып еді, ал сендер оны жұмыстан шығарып, орнына бұрынғы жұлдызды қойдыңдар. Тіпті бірнеше миллион жалақы да төлеген шығарсыңдар…»
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары