Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Чемпиондар лигасы енді бұрынғыдай болмайды

Сарапшы, спорт журналисі

УЕФА 2027 жылдан бастап Чемпиондар лигасының форматын қайта қарауды жоспарлап отыр.

Чемпиондар лигасы енді бұрынғыдай болмайды
france24.com

2027 жылдан бастап турнир құрылымы түбегейлі өзгереді

Бұл бастама Суперлига жобасымен бірлесіп жүзеге асырылуы мүмкін.

Испаниялық COPE басылымының мәліметінше, тараптар арасындағы келіссөздер 2025 жылдың басынан бері жалғасып келеді. Әзірге нақты шешім қабылданбағанымен реформаның басты бағыттары айқындала бастаған.

Жаңа жүйе бойынша турнир «Чемпиондар лигасы» атауын сақтайды, бірақ құрылымы өзгереді:

  • Негізгі кезеңде 36 команда өнер көрсетеді;

  • Қатысушылар екі топқа бөлінеді:

    • 1-топ – УЕФА рейтингінде ең жоғары тұрған 18 клуб;

    • 2-топ – қалған 18 команда;

  • Әр команда 8 матч өткізеді: төртеуін өз алаңында, төртеуін қонақта;

  • Барлық ойын өз тобының ішіндегі қарсыластармен өтеді;

  • 1-топтағы үздік сегіз команда бірден 1/8 финалға жолдама алады;

  • Ал қалған плей-офф қатысушылары екі топ арасындағы қосымша іріктеуден анықталады.

Бұл реформаның негізгі мақсаты — топтық кезеңдегі матчтардың деңгейін арттыру және көрермендер қызығушылығын күшейту.

Қазіргі жүйе қалай жұмыс істейді

Еске салайық, 2024/2025 маусымынан бастап Чемпиондар лигасында жаңа жүйе енгізілген болатын:

  • Бұрынғы 32 команданың орнына енді 36 клуб бақ сынайды;
  • Топтық кезең жойылып, оның орнына жалпы рейтингтік формат енгізілді;
  • Плей-офф кезеңі 1/16 финалдан басталады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір