
2006 жылғы «Алтын доп» иегері Фабио Каннаваро ресми түрде Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.
Тұңғыш рет 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған өзбек құрамасы Каннавароның жетекшілігімен дайындық өткізеді.
Алайда бұл жаңалық Ресейдің championat.com сайтындағы футбол жанкүйерлерінің наразылығын тудырды. Көпшілік Каннавароның тағайындалуын әділетсіз әрі сәтсіз шешім деп бағалады.
Жанкүйерлердің ашуының басты себебі — құраманы әлем чемпионатына алғаш рет алып шыққан Тимур Кападзе қызметінен босатылып, оның орнына тәжірибесі аз Каннавароның келуі.
Ресей сайтындағы пікірлердің кейбірі былай дейді: