Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы ойындарға дайындықты жалғастырып жатыр.
Жаттығу «Астана Арена» стадионында өтті. Ресми аккаунтта команданың жаңа бас бапкері Талғат Байсұфиновтың жетекшілігімен өткен дайындық сәттерінің фотосуреттері жарияланды.
Суреттерде алаңда бірқатар негізгі ойыншы көзге түсті:
Инстаграм парақшасында:
«Лихтенштейнге қарсы ойын алдындағы дайындық жалғасуда», — деп жазылған.
Қазақстан құрамасы 10 қазанда Астанада Лихтенштейн командасын қабылдайды. Ал үш күннен кейін, 13 қазанда, ұлттық құрама Солтүстік Македонияға қарсы сырт алаңда ойнайды.