Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері анықталды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының тізгінін польшалық маман Михал Пробеж ұстады. 

Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері анықталды
vesti.kz

YouTube-тағы Moc Futbolu бағдарламасында журналист Матеуш Боректің мәлімдеуінше, бұрынғы Польша құрамасының бас бапкері Қазақстан футбол федерациясымен келісімге келген. Бұл туралы kanalsportowy.pl жазды. 

«Пробеж Қазақстан құрамасын жаттықтыруға келісті. Ресми растау жақын күндері жариялануы мүмкін, бірақ келісімшарттың егжей-тегжейі әзірге құпия сақталып отыр», — деді Борек.

Әли Әлиев отставкаға кеткен еді

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасын басқарған Әли Әлиев Бельгия құрамасынан (0:5) ойсырай ұтылғаннан кейін өз еркімен қызметінен кеткен. Бұл матч 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен.

Михал Пробеж кім?

Михал Пробеж 2023 жылдан 2025 жылға дейін Польша ұлттық құрамасын баптаған. Бұған дейін ол негізінен өз еліндегі клубтарда жұмыс істеген, ал Польшадан тыс жаттықтырған жалғыз командасы — Грекияның «Арис» клубы.

Михал Пробеж

Жаңа бапкердің басты міндеті — Қазақстан құрамасын әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде жаңа деңгейге көтеру болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір