Қазақстан құрамасына жаңа бапкер тағайындалды
07.10.2025, 10:50
Жаңа бапкер жаттықтырушылар штабына қосылады.
Иван Азовский. Сүрет: ашық дереккөздерден
Жезқазғандық «Ұлытаудың» бұрынғы бас бапкері Иван Азовский Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабына қосылды.
Атырау қаласының 61 жастағы тумасы бұған дейін ұлттық құраманың командалар департаментінің директоры қызметін атқарған. Бапкерлік мансабында Азовский «Астана» («Жеңіс»), «Атырау», «Шахтер», «Жетісу» және Қазақстан әйелдер құрамасын басқарған.
Айта кетейік, маманға бұл жолы шақыртуды «Ұлытауда» бірге жұмыс істеген бас бапкердің міндетін атқарушы Талғат Байсұфинов жасаған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама