Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Қорғаныстағы ойын — сұмдық»: Ресейлік футбол ардагері Зайнутдиновты үлкен сынға алды

Сарапшы, спорт журналисі

Сарапшының айтуынша, Бақтиер қорғаушы рөлінде ойнамауы қажет.

«Қорғаныстағы ойын — сұмдық»: Ресейлік футбол ардагері Зайнутдиновты үлкен сынға алды
Бақтиер Зайнутдинов. Фото: ФК "Динамо"

КСРО құрамасының бұрынғы қорғаушысы және ЦСКА клубының ардагері Владимир Пономарев Ресей Премьер-лигасының 11-турында өткен «Динамо» мен «Локомотив» арасындағы (3:5) тартысты матчтан кейін өз пікірін білдіріп, құраманың ойынын ашық сынады.

Ол команданың жеңілісін қорғаныстағы әлсіздік пен дұрыс емес тактикалық шешімдердің нәтижесі деп бағалады.

Пономаревтің айтуынша, «Динамо» сапындағы негізгі қателіктердің бірі – Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновты артқы шепке қою.

«Қорғаныстағы ойын — сұмдық. Мұндай деңгейдегі команда бұлай ойнамауы керек. Мен бұрыннан айтып келемін: Касерес пен Зайнутдинов — қорғаушылар емес. Қорғанысқа кім көрінгенді қоюға болмайды. Бұл позицияда ойнайтын футболшы ойынның барысын сезіп, қарсыластың қадамын алдын ала болжай білуі тиіс. Ал біз не көрдік? Қарсылас ойыншыңды өткізіп алып, артынан қуып жетіп, итеріп, пенальти жасайсың. Мұның бәрі — қорғаныстағы сауатсыздықтың белгісі», — деді ардагер.

Сондай-ақ Пономарев бапкерлер штабын да жауапкершіліктен тыс шешім қабылдады деп сынға алды:

«Зайнутдинов – әмбебап, еңбекқор футболшы. Бірақ бұл оның кез келген позицияда ойнай алады деген сөз емес. Қорғаныс — мүлде басқа мектеп, басқа тәжірибе. Бапкерлер мұны түсінуі керек еді», – деді ол.

Матч қорытындысы бойынша «Локомотив» сырт алаңда сенімді жеңіске жетті. Қонақтар сапында Данил Пруцев (1-минут), Алексей Батраков (43-минут, пенальти), Николай Комличенко (68-минут), Дмитрий Воробьев (81-минут) және Александр Руденко (90+2-минут) мергендік танытты.
«Динамо» құрамынан Иван Сергеев (22-минут), Бителло (27-минут) және Максим Осипенко (85-минут, пенальти) жауап соққыларын енгізді.

Ойыннан кейін ресейлік сарапшылар мен жанкүйерлер команда қорғанысын қатты сынға алып, Бахтиер Зайнутдиновтың позициясына қатысты шешімді бапкерлер штабының ең сәтсіз қадамы деп атады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 2

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір