Реклама
Реклама

Қуат Хамитов: Осы ма сендердің жетістіктерің?!

Сарапшы, спорт журналисі
11.10.2025, 10:08

Белгілі ММА жауынгері Қазақстан құрамасының жеңісіне қатысты пікір білдірді.

Қуат Хамитов

Отандық футболды жиі сынға алатын «Найман» лақап атты Қуат Хамитов Instagram желісінде әуесқой құраманы жеңгеніне жанкүйерлер қатты қуанып жатқаны туралы айтты:

“Әуесқой командаға гол соғып, қуанып, мені белгілеп жатырсыңдар. Мен жалғыз өзім-ақ бұл командаға қарсы шығып, бәрін жеңе аламын! Осы ма сендердің жетістіктерің?!,” – деді Қуат Хамитов.

Естеріңізге салсақ, Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Лихтенштейнмен кездесіп, жанкүйерлерін тамаша ойынмен қуантты. Қорытынды есеп 4:0, Қазақстан сапында Ғалымжан Кенжебек дубль авторы атанса, тағы екі голды Бақтиер Зайнутдинов және Әлібек Қасым салды.

Реклама
Реклама