"Қазгидромет" РМК 29 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына орай еліміздің 15 өңірінде ескерту жариялады.
Күндіз Жамбыл облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел таулы аудандарда 15–20 м/с жылдамдыққа дейін жетеді. Батыс пен солтүстікте төтенше, ал орталық және оңтүстік бөліктерде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында түнде және таңертең батыс пен оңтүстікте тұман түседі. Облыстың шығысында төтенше, ал солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі байқалады. Күндіз Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан жел 15–20 м/с жылдамдыққа дейін жетеді.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстігінде төтенше, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында төтенше, ал солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ұлытау облысында жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі болжанады.
Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігі, орталығы және оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі байқалады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде аздаған нөсер жауады, ал түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман болады деп болжанады.
Түркістан облысының оңтүстігі, батысы және таулы аймақтарында түнде найзағай күтіледі, күндіз де таулы аудандарда найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің тау асуларындағы екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары, ал батысы, солтүстік-шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.