ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының үздіктер қатарына кірді

Transfermarkt порталы Ресей Премьер лигасының 13-турына арналған үздік ойыншылар құрамасын жариялады.

Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының үздіктер қатарына кірді
Максим Самородов. Фото: “Ахмат” ФК

Бұл тізімге Қазақстан құрамасы мен "Ахмат" клубының шабуылшысы Максим Самородов та енді.

Самородов өткен турда "Сочи” командасына қарсы өткен матчта екі гол соғып, дубль авторы атанды. Дегенмен, оның тамаша ойыны "Ахматты" жеңілістен құтқара алмады — кездесу 2:4 есебімен аяқталған болатын.

Transfermarkt нұсқасы бойынша 13-турдың символикалық құрамы:

  • Қақпашы: Курбан Расулов.
  • Қорғаушылар: Илья Вахания, Александр Филин, Сесар Монтес.
  • Жартылай қорғаушылар: Густаво Мантуан, Дмитрий Васильев, Михаил Игнатов, Иван Обляков.
  • Шабуылшылар: Максим Самородов, Андрей Мостовой, Максим Глушенков.

Бас бапкер: Сергей Семак.

Бұл туралы не ойлайсыз?