Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Дастан Сәтпаев Қазақстанда тағы да топ жарды

Сарапшы, спорт журналисі
06.11.2025, 20:20

Жуырда Transfermarkt порталы қазақстандық ойыншылардың жаңа трансферлік бағасын жариялады.

instagram/@f.c.kairat
Реклама
Реклама

Футбол нарығындағы беделді Transfermarkt порталы қазақстандық ойыншылардың жаңа трансферлік бағасын жариялады. Рейтингте 17 жастағы Дастан Сәтпаев елдің ең қымбат футболшысы атанды. Оның нарықтық құны 3 миллион еуроға бағаланған.

Жаңартылған деректерге сәйкес, Сәтпаев (3 млн €) – қазіргі таңда Қазақстанның ең қымбат ойыншысы. Одан кейін тізімде Ресейдің «Динамо» сапында ойнайтын Бақтиер Зайнутдинов (2.8 млн €) және «Ақтөбе» шабуылшысы Максим Самородов (2.5 млн €) орналасқан.

Төртінші орында «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп (2.5 млн €) тұрса, үздік бестікті «Тобыл» ойыншысы Ислам Чесноков (1.2 млн €) түйіндейді.

Топ-10 ойыншының тізімі

Transfermarkt мәліметінше, Қазақстанның ең қымбат футболшыларының ондығы келесідей:

  1. Дастан Сәтпаев — 17 жас | 3 млн €
  2. Бақтиер Зайнутдинов — 27 жас | 2.8 млн €
  3. Максим Самородов — 23 жас | 2.5 млн €
  4. Нұралы Әліп — 25 жас | 2.5 млн €
  5. Ислам Чесноков — 25 жас | 1.2 млн €
  6. Әлібек Қасым — 27 жас | 850 мың €
  7. Александр Зуев — 29 жас | 700 мың €
  8. Ғалымжан Кенжебек — 22 жас | 600 мың €
  9. Әділбек Жұмаханов — 22 жас | 600 мың €
  10. Артур Шушеначев — 27 жас | 600 мың €
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары