Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ермұхамед Мәулен: "Қазақстан футболының тілі - орыс тілі"

Сарапшы, спорт журналисі

Танымал комментатор әрі футбол сарапшысы Ермұхамед Мәулен «Қайраттың» соңғы ойынынан кейін қазақ футболындағы тіл мәселесін көтеріп, шетелдегі матчтарда қазақ тілі ескерілмейтінін ашық айтты. 

Ермұхамед Мәулен: "Қазақстан футболының тілі - орыс тілі"
Inbusiness.kz

Белгілі спорт комментаторлары Ермұхамед Мәулен мен Олжас Байбосын «Интер» – «Қайрат» матчынан кейін футболдағы қазақ тілі мәселесін көтерді. Кемшіліктерді басып айтып, өз ойларын ашық айтты. Оның айтуынша, италиялық стадионда диктордың орыс тілінде сөйлеуі көңілге қаяу түсірген.

«УЕФА-ның бөлімшелері бар. Клубтық жарыстар департаменті, ұлттық құрамалар жарыстары департаменті Қазақстанның тілі орыс тілі деп ойлайды.», — деді Ермұхамед Мәулен.

Комментатордың айтуынша, мәселе техникалық тұрғыдан оңай шешіледі — тек команданың қазақ тілінде хабарлауын ресми түрде сұрау қажет.

«Жаңа мемлекетке барған кезде матч менеджерлер, клубтың менеджерлері “біздің команданың тілі қазақ тілі, жанкүйерлердің тілі. Сондықтан қазақ тіліндегі дикторды қоюларыңызды сұраймыз” деген өтініш айту керек. Болды. Түк қиын емес», — деді ол.

Ермұхамед Мәулен айтуынша, мұндай жағдай бұрын да болған. Мәселен, 2020 жылы Украинада өткен ойында да диктор орыс тілінде сөйлеген. Бірақ Қазақстан тарапы өтініш білдірген соң, хабарламалар қазақ тілінде жүргізілген. Тіпті диктор табылмаған жағдайдың өзінде өзі көмектесуге дайын екенін де жеткізді. 

«Финляндияда, Францияда, Молдовада мен өзім диктор болдым. Және ковидтің кезінде Әзірбайжанда диктор таба алмай қалып, мен өзім сол матчта диктор болғанмын.», — деп түйіндеді комментатор.

Ермұхамед Мәуленнің пікірі бойынша, бұл мәселе тек тілге ғана емес, елдің имиджіне де әсер етеді. Қазақстанның футболы халықаралық деңгейде дамып келе жатқанда, қазақ тілі де сол деңгейде танылуы керек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір