Дастан Сәтпаев Қазақстанда тағы да топ жарды
Жуырда Transfermarkt порталы қазақстандық ойыншылардың жаңа трансферлік бағасын жариялады.
Футбол нарығындағы беделді Transfermarkt порталы қазақстандық ойыншылардың жаңа трансферлік бағасын жариялады. Рейтингте 17 жастағы Дастан Сәтпаев елдің ең қымбат футболшысы атанды. Оның нарықтық құны 3 миллион еуроға бағаланған.
Жаңартылған деректерге сәйкес, Сәтпаев (3 млн €) – қазіргі таңда Қазақстанның ең қымбат ойыншысы. Одан кейін тізімде Ресейдің «Динамо» сапында ойнайтын Бақтиер Зайнутдинов (2.8 млн €) және «Ақтөбе» шабуылшысы Максим Самородов (2.5 млн €) орналасқан.
Төртінші орында «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп (2.5 млн €) тұрса, үздік бестікті «Тобыл» ойыншысы Ислам Чесноков (1.2 млн €) түйіндейді.
Топ-10 ойыншының тізімі
Transfermarkt мәліметінше, Қазақстанның ең қымбат футболшыларының ондығы келесідей:
- Дастан Сәтпаев — 17 жас | 3 млн €
- Бақтиер Зайнутдинов — 27 жас | 2.8 млн €
- Максим Самородов — 23 жас | 2.5 млн €
- Нұралы Әліп — 25 жас | 2.5 млн €
- Ислам Чесноков — 25 жас | 1.2 млн €
- Әлібек Қасым — 27 жас | 850 мың €
- Александр Зуев — 29 жас | 700 мың €
- Ғалымжан Кенжебек — 22 жас | 600 мың €
- Әділбек Жұмаханов — 22 жас | 600 мың €
- Артур Шушеначев — 27 жас | 600 мың €