Темірлан Анарбековке Еуропа клубы қызығушылық танытты

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков мансабын Болгарияда жалғастыруы мүмкін.

Темірлан Анарбековке Еуропа клубы қызығушылық танытты
Темірлан Анарбеков. Фото: "Қайрат" ФК

KazFootball.kz мәліметінше, отандасымызға Софияның ЦСКА ұжымы қызығушылық танытып отыр.

Биыл Анарбековтың бағы жанды. Темірлан «Селтикке» қарсы ойында ерлеп, командасына Чемпиондар лигасына тарихи жолдама сыйлады. Сондай-ақ «Пафоспен» (0:0) матчқа қатысып, ерекше көзге түсті. Осы маусымда жалпы 16 ойын өткізіп, 11 матчта қақпасына гол жібермеді. Тағы бір айта кететін жайт, Темірлан Еурокубокте 270 минут қақпасына гол өткізбеді. Кешегі "Интермен" болған ойында 6 сейв жасап, "Қайраттың" үздік ойыншысы атанды.

Ал ЦСКА дәл қазір ішкі біріншілікте жетінші орында келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір