Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Отбасымды да араластырып жатыр...» — Ислам Чесноков трансфер жайлы қауесетке жауап берді

Сарапшы, спорт журналисі
11.11.2025, 22:55

Қазақстан құрамасының және «Тобыл» ФК жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков өзіне қызығушылық танытқан Шотландияның «Хартс» клубына қатысты пікір білдірді. 

Instagram/@kff_team
Реклама
Реклама

Шотландиялық клубтың қызығушылығы

Соңғы бір жылда «Хартс» Ислам Чесноковты өз қатарына қосуға ниетті екені туралы ақпарат жиі айтылып жүр. Команданың бас бапкері Дерек Макиннес трансфер қыста жүзеге асатынын да мәлімдеген. 

Алайда қазақстандық футболшы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Көп нәрсе жазылады, айтылады. Кейде тіпті отбасымды да араластырып жатады. Жақында бәрі анық болады», — деді Чесноков ұлттық құраманың медиа күні барысында.

БАҚ-тағы әңгімелерге реакция

Журналистер «бапкердің сөзіне сенуге бола ма, жақында байланыс орнайды деген рас па?» деп сұрағанда, Ислам сабырлы жауап берді:

«Мен ол туралы ештеңе көрген жоқпын, жаңалықтарды оқуды да қойдым. Сол себепті бұл тақырыпты түсіндіріп айта алмаймын», — деді футболшы.

Маусымдағы жетістіктер мен алдағы жоспар

Ислам Чесноков биыл «Тобыл» сапында Қазақстан кубогын жеңіп алып, ел чемпионатында үшінші орын иемденді.

Шотландиялық бапкердің айтуынша, клуб қазақстандық ойыншының агенттерімен байланыста және «Чесноков — күтуге тұрарлық футболшы».

Қазір Ислам Астанада, ұлттық құрама базасында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Бельгияға қарсы матчқа дайындық жүргізіп жатыр.

Ойын 15 қараша күні «Астана Аренада» өтеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары