Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Өзбекстан әлем чемпионатында Панаманы талқандады

Сарапшы, спорт журналисі

Футболдан Өзбекстанның 17 жасқа дейінгі құрамасы Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Панаманы 6:1 есебімен ойсырата ұтып, плей-офф кезеңіне шықты.

Өзбекстан әлем чемпионатында Панаманы талқандады
Instagram/@uzbekistanfa

Екінші таймда алты гол соғылған әсерлі матч

Өзбекстан мен Панама арасындағы ойынның алғашқы жартысында есеп ашылмағанымен екінші тайм толық өзбектердің бақылауында өтті.

48-минутта Абубакир Шукуруллаев есеп ашса, кейін Садриддин Хасанов нәтижені еселеді. 68-минутта Сайфиддин Содиков үшінші голды соқты.

Ойынның қосылған уақытында өзбектер тағы үш рет көзге түсті. Таблоға өз есімін Джамшидбек Рустамов, Асилбек Алиев және Абдусамад Саидов пенальтиді сәтті орындап тіркеді. 

Панама сапынан Джозеф Пачеко (90+10) бір ғана голмен жауап берді.

Плей-офф кезеңіне жол

Бұл жеңіс Өзбекстан құрамасына 6 ұпаймен J тобында екінші орын алуға мүмкіндік берді.

Топ жеңімпазы — Ирландия (7 ұпай), үшінші орында — Парагвай (4 ұпай), ал Панама бірде-бір ұпай жинай алмай, турнирден тыс қалды.

Осылайша Өзбекстан жастар құрамасы тікелей плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Чемпионат Катарда өтіп жатыр. Биылғы додаға 48 елдің құрамасы қатысуда. Командалар 12 топқа бөлінген, әр топтан екі үздік команда мен сегіз үшінші орын иегері келесі кезеңге жолдама алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір