Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Криштиану Роналду мансабын аяқтау жайлы маңызды мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:22

Португалиялық жұлдыз мансабын әлем чемпионатынан кейін аяқтауы мүмкін.

Криштиану Роналду
Реклама
Реклама

Даңқты португалиялық футболшы Криштиану Роналду келесі жылы өтетін әлем чемпионаты өз мансабындағы соңғы дода болатынын мәлімдеді.

– Келесі жылғы әлем чемпионаты сіздің мансабыңыздағы соңғы турнир бола ма?

"Әрине, бұл – шындық. Өйткені ол кезде менің жасым 41-де болады. Мен бұл керемет турнирде не боларын білмеймін. Бұрын да айтқанмын, мен қазіргі сәттен ләззат алып жүрмін", — деді Роналду Сауд Арабиясындағы TOURISE туристік форумында.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.

Криштиану Роналду алғаш рет әлем чемпионатына 2006 жылы қатысқан. Ол бес мәрте «Алтын доп» иегері атанған, ал 2016 жылы Португалия құрамасымен бірге Еуропа чемпионы болды. Сондай-ақ, футболшы 2015 және 2019 жылдары УЕФА Ұлттар лигасында жеңіске жетті.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары