Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Сынға қалған "Ақтөбе" қақпашысының табысы әшкере болды

Сарапшы, спорт журналисі

Ол Қазақстан Премьер-лигасындағы ең жоғары еңбекақы алатын қақпашылардың бірі екен. 

Сынға қалған "Ақтөбе" қақпашысының табысы әшкере болды
KazFootball.kz

«Ақтөбе» қақпашысы қанша жалақы алатыны белгілі болды. Румыниялық қақпашы Андрей Влад ай сайын 9 миллион теңгеден астам (18 мың доллар) табыс табады. Яғни ол Қазақстан Премьер-лигасындағы ең жоғары еңбекақы алатын қақпашылардың бірі. Бұл туралы asnews.kz хабарлады. 

Бірақ клуб оған балама іздей бастаған. Қазір «Ақтөбе» бірнеше үміткермен келіссөз жүргізіп жатыр. Румын ойыншысы 2025 жылғы маусымда команданың негізгі ойыншысы ретінде тұрақты ойнады.
Дегенмен 25-турдағы «Астанаға» қарсы матчтан (3:5) кейін оған қатысты сын күшейді.

Сол ойында ақтөбеліктер 3 гол соққанымен, 5 гол өткізіп алды, ал кей жанкүйерлер мен сарапшылар қақпашының әрекеттерін сәтсіз шешімдер қатарына жатқызды.

Андрей Влад кім?

Андрей Влад – Румынияның “Стяуа” (FCSB) клубының түлегі. Ол бұл командада жеті маусым ойнап, ел чемпионаты мен Кубок жарыстарына қатысқан. Ұлттық құрама сапында бір ресми матч өткізген. 2024 жылы «Ақтөбеге» ауысты. Клубпен арадағы келісімі 2026 жылдың соңына дейін жарамды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір