Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Ливерпуль" АПЛ-да тағы бір рекорд жаңартпақ

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:22

Жазғы трансферлік терезеде ғана клуб рекорд орнатқан еді.

Vesti.kz
Реклама
Реклама

Ағылшынның әйгілі «Ливерпуль» клубы тағы да трансфер нарығын дүр сілкіндірмек. Клуб басшылығы «Баварияның» жартылай қорғаушысы Майкл Олисеге 200 миллион еуро төлеуге дайын. Бұл туралы Fichajes хабарлайды. 

Арне Слот жаттықтыратын «Ливерпуль» командасы 23 жастағы Майкл Олисені құрамына қосуды көздеп отыр. Бұл келісім жүзеге асса, АПЛ тарихындағы ең қымбат трансфер болмақ.

Әлемдік футболда ең қымбат келісім — Неймардың 222 млн еуроға «ПСЖ»-ға ауысуы.

Олисе — жаңа жұлдыз ба?

Франциялық футболшы Майкл Олисе қазіргі таңда «Баварияның» негізгі ойыншыларының бірі. Ол 2025/26 маусымында 16 матч өткізіп, 7 гол және 7 нәтижелі пас тіркеді.

Олисе «Кристал Пэлас» сапынан «Баварияға» ауысқаннан бері өзін жылдам ойлайтын, техникасы жоғары және креативті плеймейкер ретінде көрсетті. Енді оның есімі әлемдік футболдың ең ірі трансферлер тізімінде аталауы мүмкін.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары