Естеріңізге саламыз, келесі жылы өтетін әлем чемпионатында 48 құрама өнер көрсетеді.
16-нан 17 қарашаға қараған түні Солтүстік Америкада — АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының 31-ші және 32-ші қатысушылары белгілі болды.
Бұл құрама командалар — Норвегия мен Португалия. Норвегиялықтар сырт алаңда Италияны үлкен есеппен (4:1) ұтып, УЕФА іріктеуінің I тобында бірінші орынды қамтамасыз етті. Ал португалиялықтар Арменияны (9:1) ойсырата жеңіп, F тобының көшін бастады.
2026 жылғы әлем чемпионатының қазіргі белгілі қатысушыларының толық тізімі мынадай:
АҚШ, Канада, Мексика, Жапония, Жаңа Зеландия, Иран, Аргентина, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Иордания, Австралия, Бразилия, Эквадор, Уругвай, Колумбия, Парагвай, Марокко, Тунис, Мысыр, Алжир, Гана, Кабо-Верде, ОАР, Катар, Сауд Арабиясы, Англия, Сенегал, Кот-д’Ивуар, Франция, Хорватия, Норвегия және Португалия.
Мундиальға берілетін тағы 16 жолдама әлі өз иесін тапқан жоқ.