Англияда Дастан Сәтпаевтың Бельгияға салған голы туралы айтылды

Сарапшы, спорт журналисі

Сәтпаев Бельгия қақпасына ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты.

Англияда Дастан Сәтпаевтың Бельгияға салған голы туралы айтылды
Дастан Сәтпаев. Фото: ҚФФ

Англияның «Sports Illustrated FC» футбол парақшасы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың дебюттік голына арналған жазба жариялады.

15 қараша күні Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчының 9-минутында Сәтпаев Бельгия қақпасына ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты. Кездесу сенсациялық есеппен аяқталды – 1:1.

«17 жастағы Дастан Сәтпаев Қазақстан сапында Бельгия қақпасына гол соқты - бұл оның ұлттық құрамадағы алғашқы голы. Қазақ вундеркинді 2026 жылдың тамызында «Челсиге» қосылады», - деп жазды ағылшын парақшасы.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 10 ақпанында алматылық «Қайрат» Лондонның «Челси» клубымен Дастан Сәтпаевтың трансфері бойынша келісімге келгенін жариялаған болатын. Футболшы 2026 жылы - кәмелет жасына толғаннан кейін ресми түрде ағылшын клубының қатарына қосылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір