Реклама
Реклама

Ғалымжан Кенжебек "Ахмат" үшін әдемі гол соқты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
14.02.2026, 21:28

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек "Ахмат" жейдесінде тағы да көзге түсіп, оқу-жаттығу жиынындағы матчта әсерлі гол авторы атанды.

instagram/@akhmatgrozny

Кенжебектің классикалық әрекеті

"Ахмат" Түркияның Белек қаласында өтіп жатқан үшінші оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы кездесуде Өзбекстанның АГМК командасымен ойнады. Дәл осы матчта Кенжебек қарсылас қақпасына керемет гол енгізді.

Эпизодта қазақстандық вингердің өзіне тән стилі анық байқалады. Сол қанаттан ішке қарай орталыққа ығысып, алыстағы бұрышты дәл көздеп соққы жасайды. Нәтижесінде ол матчтағы есепті теңестірді.

Жолдастық матч 3:2 есебімен грозныйлықтардың жеңісімен аяқталды.

"Ахматқа" қашан ауысты және ұлттық құрамадағы статистикасы

Ғалымжан Кенжебек 10 қаңтарда ресми түрде "Ахмат" сапына қосылды.

Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша ол Қазақстан құрамасындағы ең нәтижелі футболшы атанды:

  • ұлттық командада 8 матч
  • 3 гол
  • 1 нәтижелі пас
Реклама
Реклама