Реклама
Реклама

"Елімай" колумбиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды

Сарапшы, спорт журналисі
15.02.2026, 11:21

Жаңа маусым алдында семейлік клуб құрамын күшейту жұмыстарын жүргізуде.

Елімай ФК

Семейлік "Елімай" клубы колумбиялық шабуылшы Дубан Фелипе Паласио Москерамен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді.

28 жастағы футболшы 1997 жылдың 16 наурызында Колумбияның Эль-Багре қаласында дүниеге келген. Бойы — 179 сантиметр.

Паласио кәсіби мансабын 2016 жылы "Жагуарес де Кордоба" сапында бастаған. Соңғы маусымда ол Боливияның "Насиональ Потоси" клубында өнер көрсетті. 2024 жылғы маусымда 36 ресми кездесуге қатысып, жеті мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін семейлік клуб құрамындағы бірнеше легионермен қоштасқан болатын. Жаңа маусымда "Елімай" ел намысын Конференция лигасында қорғамақ.

Реклама
Реклама