Мұхамеджан Сейсен, Әлібек Қасым мен Дінмұхамед Қараман секілді футболшылардың ресми келісімшарттары әлі тіркелмеген.
ҚПЛ маусымы қарсаңында елордалық “Астана” клубында ойыншыларға қатысты мәселелер шешімін таба алар емес. Бірқатар футболшының келісімшарттары осы уақытқа дейін ресми түрде рәсімделмеген. Бұл туралы AmanVIBE хабарлады.
AmanVIBE дерегіне сәйкес, қазіргі уақытта мынадай футболшылардың құжаттары толық рәсімделмеген:
Аталған ойыншылар командамен бірге жаттығып, бақылау матчтарына қатысып жүр. Алайда ресми келісімшарттар әлі тіркелмеген.
Мәселенің туындауына клубтың қаржыландыру жүйесі әсер етуде. Елордалық клуб “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры арқылы қаржыландырылатындықтан, әрбір келісімшарт қосымша келісімнен өтуі тиіс.
Қазіргі уақытта ешқайсысын мақұлданбаған. Соның салдарынан футболшылар жаттығу процесіне қатысқанымен, заңдық тұрғыда толыққанды ойыншы мәртебесіне ие емес.
Клуб басшылығы мәселені жақын уақытта шешуге үміттеніп отыр. Дегенмен басты сұрақ – аталған ойыншылар ҚПЛ-дің алғашқы турына дейін ресми түрде тіркеліп үлгере ме?
Еске салайық, 2025 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасы маусымында “Астана” екінші орын иеленді. Чемпиондық атақ алматылық “Қайратқа” бұйырды.