Реклама
Реклама

ҚПЛ клубы Камерун құрамасының ойыншысын қатарға қосты

Сарапшы, спорт журналисі
25.02.2026, 19:13

Шымкенттің "Ордабасы" клубы Камерун құрамасында ойнайтын қорғаушы Ги-Марселин Киламамен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады. 

instagram/@fc__ordabasy

Клубтың ресми мәлімдемесі

"Ордабасы" инстаграм парақшасында 26 жастағы қорғаушымен келісім жасалғанын растап, ойыншының мансабы туралы қысқаша ақпарат берді. 

Ги-Марселин Килама – Франциядағы "Ньор" клубының түлегі. Ол кәсіби деңгейдегі алғашқы қадамын 2018 жылы Францияның Лига 2 чемпионатында бастады. 2018–2023 жылдар аралығында "Ньор" сапында 100-ден аса матчқа қатысқан.

Кейін қорғаушы Түркияға ауысып, "Хатайспор" құрамында 77 ойын өткізді.

Камерун құрамасындағы дебюті

Килама 2024 жылы Камерун құрамасында алғаш рет алаңға шығып, Африка Ұлттар кубогының іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Сол кезеңде құрама сапында 5 матч өткізген. 

Футболшының соңғы клубы – түркиялық "Хатайспор". Түркия чемпионатының өткен маусымында Килама 32 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.

Transfermarkt порталы ойыншының нарықтағы құнын 1 миллион еуро деп бағалайды.

Реклама
Реклама