Реклама
Реклама

Қазақстандық футбол клубы миллион теңгеге сатылады

Сарапшы, спорт журналисі
26.02.2026, 21:09

“Тұран” ФК мемлекеттік мүлік реестріндегі электронды сауда алаңына қойылып, бастапқы бағасы 1 054 000 теңге болып белгіленді. 

fbrk.kz

Аукцион шарттары қандай? 

Ресми ақпаратта әлеуетті қатысушыларға мына талаптар көрсетілген:

Кепілдік жарна: 158 100 теңге

Өтінім қабылдаудың соңғы уақыты: 3 наурыз, 09:55

Сауданың басталуы: 3 наурыз, 10:00

Жаңа иесіне қойылатын негізгі міндеттер

Лоттың “Tender conditions” бөлімінде сатып алушыға кемінде 10 жылға арналған бірқатар талап бекітілген. Атап айтқанда, жаңа иесі:

  • клубтың профилін (футбол клубы ретінде бағытын) сақтауы;
  • штат санын қысқартпай ұстауы;
  • команда дамуына инвестиция құюы;
  • жасөспірімдер футбол академиясын ашуы және футболды жүйелі дамытуы;
  • әйелдер футбол командасын дайындауы;
  • жаттығу базасының болуын қамтамасыз етуі, соның ішінде стадиондарды пайдалану бойынша келісімшарттар жасауы;

2027 жылдан бастап Қазақстан Премьер-Лигасына тұрақты түрде қатысуы тиіс.

Сонымен қатар шартта клубты сенімгерлік басқаруға беруге немесе үшінші тұлғаларға иеліктен шығаруға тыйым салынатыны да нақты жазылған.

Қосымша талаптар

Құжаттар тізімінде қатысушыдан футбол/спорт саласында кемінде 5 жылдық тәжірибені растайтын материалдар сұралады. Сондай-ақ, клубты дамытуға арналған есепшотта кемінде 200 млн теңге барын растайтын банк анықтамасы немесе банк кепілдігі талап етіледі. 

Реклама
Реклама