Реклама
Реклама

"Қайрат" – "Тобыл" матчының нақты есебі айтылды

Сарапшы, спорт журналисі
27.02.2026, 09:37

 Кездесу 28 ақпанда Астана уақытымен 17:00-де өтеді.

Meta-ratings.kz

Қазақстан Суперкубогы аясында өтетін "Кайрат" – "Тобыл" матчының ықтимал есебі жарияланды. Ресейлік Soccer365.ru порталы алматылық клуб басым болатынын айтады. 

Сарапшылар не дейді?

Басылым мәліметінше, "Қайрат" биыл маусымға ерекше форматта дайындалған. Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысуына байланысты команда қысқы демалыстан кейін жеті матч өткізген, оның екеуі ресми ойын болған.

Сарапшылардың пікірінше, алматылықтардың шаршауы мүмкін. Себебі ҚПЛ-дегі басқа командалар ұзақ уақыт демалды. Дегенмен, ойын тәжірибесі жағынан "Қайраттың" әлеуеті жоғары екені айтылды.

Соңғы бір жылда команда:

  • Чемпиондар лигасында 16 матч өткізді;
  • "Тобылды" екі рет жеңді;
  • Негізгі құрамын сақтап қалды.

"Тобыл" құрамын жаңартты

Қостанайлық клуб қысқы трансфер кезеңінде құрамын айтарлықтай жаңартты. Маусым алдындағы дайындық барысында жеті жолдастық матч өткізіп, үшеуінде жеңіске жеткен.

Алайда сарапшылар шабуыл шебіндегі негізгі ойыншылардың кетуі команданың әлеуетіне әсер етуі мүмкін екенін айтады. Олардың ықтимал орнын басуы тиіс Талалдың денсаулығына қатысты мәселе бар екені де атап өтілді.

Болжам: 2:1

Болжам бойынша, Суперкубок кездесуінде "Қайрат" 2:1 есебімен жеңіске жетеді.

Реклама
Реклама