Кезекті қазақстандық клубта инвестор пайда болады

Сарапшы, спорт журналисі

Еліміздің ірі тау-кен металлургия кәсібімен айналысатын компания енді ҚПЛ клубына демеуші болмақ.

Кезекті қазақстандық клубта инвестор пайда болады
Елімай ФК

"KAZ Minerals" тау-кен компаниясы семейлік "Елимай" футбол клубының негізгі акционері атанды. Бұл туралы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда футболды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Абай облысының әкімі Берік Уәли "KAZ Minerals" тобының басшылығымен және "Елимай" клубының өкілдерімен кездесу өткізді.

Жиында өңірдегі спорттық инфрақұрылымды жетілдіру және 2026 жылғы маусымда УЕФА Конференция лигасында ел намысын қорғайтын "Елимайдың" алдағы даму бағыттары талқыланды.

Кездесу барысында қандай сұрақтар талқыланды?

Кездесу барысында инфрақұрылымдық базаны нығайту, жас футболшыларды даярлау және клубтың келесі маусымдарда жүйелі жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өңір басшысы облыста футболды дамытуға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жалғаса беретінін атап өтті.

Өз кезегінде "KAZ Minerals" компаниясы клуб қызметін ұйымдастыруға, командалардың Қазақстан Республикасының ұлттық жарыстарына және еурокубоктарға қатысуын қамтамасыз етуге міндеттеме алды.

Кездесу қорытындысында тараптар ынтымақтастық форматын нақтылап, аймақтағы футбол мен спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға мүдделі екенін білдірді.

"“Елимай” футбол клубы – жай ғана спорттық ұжым емес, Абай облысының тарихи әрі заманауи болмысының бір бөлігі. Біз үшін клубтың дамуы инфрақұрылым мен жас спортшыларды даярлау жүйесіне сүйенген тұрақты әрі жүйелі сипатта болғаны маңызды. Мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді әріптестік өңірдегі футболдың ілгерілеуіне серпін береді деп сенемін", – деді Берік Уәли.

Еске салайық, өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында "Елимай" төртінші орын алып, Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір