Англияның беделді FourFourTwo басылымы қазақстандық шабуылшының болашағына қатысты болжам жасады.
Англияның беделді FourFourTwo басылымы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың болашағына қатысты болжам жариялады. Сарапшылардың пікірінше, жас футболшы "Челси" сапына қосылғаннан кейін бірден еуропалық клубтарының біріне жалға жіберілуі мүмкін.
17 жастағы Дастан Сәтпаев 18 жасқа толғанға дейін "Қайрат" сапында өнер көрсетеді. Ол 2026 жылдың тамыз айында кәмелет жасына жеткен соң ресми түрде лондондық "Челсиге" ауысады.
FourFourTwo сарапшылары "Челси" оны бірден негізгі құрамға қоспай, тәжірибе жинақтау үшін жалға беруі ықтимал екенін айтады. Мүмкін бағыттардың бірі – Францияның "Страсбур" клубы немесе өзге еуропалық команда.
"Челсиге" ауысу жас ойыншы үшін тәуекелмен пара-пар. Сәтпаев өте жас, сондықтан жалға берілетін ойыншылар қатарында болуы ықтимал. Бірақ оның жоғары қарқынды ойыны Еуропада табысқа жетуіне мүмкіндік береді", – делінген.
2025 жылдың 10 ақпанында "Қайрат" клубы 16 жастағы С"тпаевтың "Челсиге" ауысқаны туралы ресми мәлімдеген еді. Тараптар келісімге келіп, ойыншы 2026 жылдың жазына дейін Алматы клубында қалатын болды.
Трансфер құны 4,3 миллион еуро. Бұл – Қазақстан Премьер-лигасы тарихындағы рекордтық сома.
Журналист Иван Карповтың мәліметінше: