"Шахтёрдің" жаңа басшысы клубтың болашағы жайлы мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Оның айтуынша қарағандылық клуб жедел нәтижеге асықпайды.

"Шахтёрдің" жаңа басшысы клубтың болашағы жайлы мәлімдеме жасады
Тимур Турлов

Қарағандылық "Шахтер" клубының иесі Тимур Турлов команданы дамыту жоспарларымен бөлісіп, алдағы уақыттағы мақсаттары туралы айтты, деп хабарлайды ASnews.kz.

Оның айтуынша, клуб басшылығы түбегейлі қайта құру жұмыстарын қолға алып, жедел нәтижеге ұмтылмайды.

"Аңызға айналған клубты қайта жаңғыртып, жұмысын жаңаша форматта бастаймыз және оны жаңа жеңістерге, соның ішінде еурокубоктардағы табыстарға жеткізуге тырысамыз. Қазір клуб айналасында жасақталып жатқан команда барша қазақстандықтар мақтан тұтатын нәтижеге жетеді деп сенемін. Биыл бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Бірақ басым бағыттарымызды тағы да атап өткім келеді: біз жылдам әрі көзбояушылық жетістіктерге ұмтылмаймыз. Қазір ұзақ мерзімді жүйелі жұмысқа басымдық береміз", – деді Турлов.

Еске сала кетейік, қазіргі таңда қарағандылық команда Түркияда оқу-жаттығу жиындарын (ОЖЖ) өткізіп жатыр. "Кеншілер" Бірінші лигадағы жаңа маусымға дайындалуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір