ҚПЛ-ден көреміз бе? МЮ-дің экс-ойыншысы жаңа клуб таңдады

Сарапшы, спорт журналисі

Соңғы уақытта бірқатар ақпарат көздерінде Лингардтың Қазақстан Премьер-лигасына (ҚПЛ) ауысуы мүмкін деген болжамдар тараған еді.

ҚПЛ-ден көреміз бе? МЮ-дің экс-ойыншысы жаңа клуб таңдады
Sportbox.ru

"Манчестер Юнайтед" клубы мен Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы Джесси Лингард мансабын жаңа елде жалғастырмақ. Бұл туралы бразилиялық инсайдер Андре Эрнан хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, "Коринтианс" клубы қазір 33 жастағы жартылай қорғаушымен белсенді түрде келіссөздер жүргізіп жатыр. Тараптар жақын күндері ортақ мәмілеге келеді деген ақпар бар. 

Алдын ала ақпарат бойынша, келісімшарт бір жылға жасалады.

Соңғы клубы – "Сеул"

Джесси Лингард соңғы екі маусымды Оңтүстік Кореяның "Сеул" клубында өткізді. 2024-2025 жылдары азиялық команда сапында өнер көрсеткен ол қазіргі таңда еркін агент саналады. 

Джесси Лингардтың мансап жолы:

  • "Манчестер Юнайтед" сапында Англия Кубогы мен Лига Кубогын жеңді;
  • Еуропа лигасының жеңімпазы атанды;
  • Англия ұлттық құрамасында халықаралық турнирлерге қатысты.

ҚПЛ жайлы қауесет

Соңғы уақытта бірқатар ақпарат көздерінде Лингардтың Қазақстан Премьер-лигасына (ҚПЛ) ауысуы мүмкін деген болжамдар тараған еді. Әсіресе Луиш Нанидің "Ақтөбеге", Виктор Мозестің "Қайсарға" ауысуынан кейін мұндай сценарий талқыға түскен болатын. 

Алайда қазіргі мәліметтерге сәйкес, ағылшын футболшысы мансабын Оңтүстік Америкада жалғастыруға жақын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір