Реклама
Реклама

Трамптың әрекеті түрткі ме? Иран АҚШ-тағы әлем чемпионатына қатыспайды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 19:53

АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс FIFA үшін жаңа сынақ тудырды. 

kz.kursiv.media

2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында Халықаралық футбол қауымдастығы (FIFA) күрделі жағдайға тап болды. Иран футбол федерациясының президенті Мехди Тадж ұлттық құраманың АҚШ аумағында өтетін мундиальға қатысуы "екіталай" екенін мәлімдеді. 

Иранның барлық ойыны АҚШ-та өтеді

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада ұйымдастырылады. Жеребе қорытындысы бойынша, Иран құрамасы топтық кезеңдегі үш кездесуін де АҚШ аумағында өткізуі тиіс.

Кестеге сәйкес:

  • 15 маусым – Лос-Анджелесте Жаңа Зеландияға қарсы;
  • 21 маусым – Бельгиямен кездесу;
  • 26 маусым – Сиэтлде Мысыр құрамасына қарсы матч.

Сондай-ақ турнирдің 1/16 финалында Иран мен АҚШ құрамаларының кездесуі де ықтимал.

"Мундиальға сеніммен қарау қиын"

Мехди Тадж қазіргі геосаяси жағдайға байланысты әлем чемпионатына қатысу мәселесі күрделі екенін айтты.

"Болған жағдайлардан кейін және АҚШ-тың әрекеттерінен соң мундиальға сеніммен қарау қиын. Бұл мәселені спорт басшылары шешуі тиіс", – деді федерация басшысы.

Қолда бар дерек бойынша Иран футбол федерациясы елдегі Премьер-лиганы белгісіз мерзімге тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл жағдай чемпионатта ойнап жүрген шетелдік футболшыларға да әсер етті.

Мәселен:

  • Антонио Адан Мадридке оралды;
  • Мунир Эль-Хаддади мен Иван Санчес Ираннан шығу жолдарын қарастырып жатыр.

Геосаяси ахуал ушығып тұр

28 ақпанда таңертең АҚШ пен Израиль күштері Иран аумағына соққы жасағаны хабарланды. Тегеран орталығындағы резиденцияға жасалған шабуыл салдарынан аятолла Әли Хаменеи қаза тапты. Оның өлімін ресми билік 1 наурызға қараған түні растады.

Реклама
Реклама