Нани қазақша үйренді (ВИДЕО)
Португалиялық вингер Луиш Нани Қазақстандағы жаңа клубына бейімделіп жатыр.
Командаластары Наниге қазақша сөйлеуді үйретіп жүр
Әлем футболында танымал ойыншы, Еуропа чемпионы Луиш Наниге "Ақтөбедегі" әріптестері күнделікті өмірде қолданылатын қазақша сөздерді үйретуге тырысқан.
Әлеуметтік желіде тараған видеода Нани ролик авторынан кейін "жақсы" сөзін қайталап айтады. Бірнеше рет қайталағаннан кейін португалиялық футболшы бұл сөзді анық әрі дұрыс дыбыстауға қол жеткізеді.
"Соса, кетші" деп әзілдеді
Алайда көп ұзамай Луиш Наниге мұндай "қазақ тілі сабағы" жалықты ма, командаластарының демеуімен ол әзіл аралас түрде:
"Соса, кетші" — деп, "Соса, қойшы/тиіспеші" деген мағынада айтқан.
Болжам бойынша Нани бұл сөзді "Ақтөбе" шабуылшысы Даниэль Сосаға қарата сөйлеген болуы мүмкін.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.