УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/2026 маусымындағы 1/4 финал матчтарының күнтізбесі ресми түрде белгілі болды.
Биылғы Чемпиондар лигасы маусымының 1/4 финалы аясындағы матчтар сәуір айында өтеді. Қазақстан уақыты бойынша барлық кездесу сағат 00:00-де басталады.
Алғашқы матчтар
Қарымта матчтар
Чемпиондар лигасының финалы 30 мамырда Будапешттегі “Пушкаш Арена” стадионында өтеді.
Чемпиондар лигасының қазіргі чемпионы “Пари Сен-Жермен” клубы. Париждік клуб былтырғы маусымның финалында “Интерді” 5:0 есебімен жеңіп, өз тарихында алғаш рет турнирді жеңіп алды.
УЕФА деректеріне сәйкес, финалға арналған билеттердің бір бөлігі ашық сатылымға шығарылады. Жалпы 61 400 орынның 39 000-ы жанкүйерлерге қолжетімді болады. Финалист клубтарға 17 200 билеттен бөлінеді. Билет бағасы 70 еуродан басталады.