Реклама
Реклама

ФИФА Израильге миллондаған айыппұл салды

Сарапшы, спорт журналисі
20.03.2026, 14:54

ФИФА тәртіптік комитеті Израиль футбол қауымдастығына қатысты шешім шығарып, ұйымды айыппұлмен жазалады.

Фото: ФИФА

Тергеу барысында Израиль футбол қауымдастығы (IFA) ФИФА-ның бірнеше ережесін, атап айтқанда, дискриминацияға жол беру және әділ ойын принциптерін бұзу туралы баптар бойынша санкциялар тап болды. Бұл іс Палестина футбол қауымдастығы тарапынан түскен шағым негізінде қаралған.

Айыппұл мөлшері қандай?

ФИФА шешімі бойынша Израиль қауымдастығына 150 000 швейцарлық франк (91 млн теңге) көлемінде айыппұл салынып, ресми ескерту берілді. Сонымен қатар, ұйым осы шешім туралы хабарланған сәттен бастап 60 күн ішінде айыппұлдың үштен бірін ФИФА тәртіптік кодексіне сәйкес, дискриминацияға қарсы күрес және осындай оқиғалардың алдын-алу жөніндегі кешенді жоспарды іске асыруға жіберуі тиіс. Ал айыппұлдың қалған бөлігі шешім ескерту берілген сәттен бастап 30 күн ішінде төленуі қажет.

 “Израиль футбол қауымдастығы алдағы үш ресми үй матчында стадионда анық көрінетін арнайы баннер орналастыруға міндеттелді. Баннерде “Футбол әлемді біріктіреді – дискриминацияға жол жоқ” деген жазу болуы тиіс. Сондай-ақ оның өлшемі, орналасуы және стадионда іліну тәртібі әр матчқа дейін кемінде 15 күн бұрын ФИФА-ның келісімін алу үшін ұсынылуы қажет”.

Өз кезегінде Израиль футбол қауымдастығы бұл шешімге қарсы шағым түсіре алады.

Реклама
Реклама