Нұралы Әліп ресейлік футболшыларға тәлімгер болды
"Зениттің" жартылай қорғаушысы Даниил Кондаков жуырда Нұралы Әліптің көмегін ерекше атап өтті.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп "Зенит" клубында тек негізгі ойыншы ғана емес, жас футболшыларға бағыт беретін тәлімгер ретінде де танылды.
Жас ойыншыларға қолдау
"Зениттің" жартылай қорғаушысы Даниил Кондаков клубтағы алғашқы маусымы туралы айтып, Нұралы Әліптің көмегін ерекше атап өтті.
"Барлығы бейімделуге көмектесті. Үлкендер кейде ұрысады, бірақ бәрібір қолдайды. Ең көп Нұралы Әліппен араласамын. Ол бізді өз қанатының астына алды. Өзі де кезінде жас болған, сондықтан бәрін түсінеді. Ол бізге жақсы дос", – деді Кондаков.
Даниил Кондаков осы маусымда 12 матч өткізді. 3 нәтижелі пас берді. Бұл – оның кәсіби деңгейдегі алғашқы маусымы.
Әліптің мансабы
Нұралы Әліп – "Қайрат" клубының түлегі. Алматы командасында:
- 99 матч өткізді
- Қазақстан чемпионы атанды
- екі рет Қазақстан кубогын жеңді.
2022 жылдан бері "Зенит" сапында өнер көрсетіп келеді. Ресей клубымен:
- екі рет ел чемпионы
- Суперкубок иегері атанды.
2025 жылдың 4 қыркүйегінде Нұралы Әліп Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны болып тағайындалды.