"Қайрат" матч трансляцияларын ақылы етпек

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:42

Қайрат Боранбаев жуырда клубқа қатысты жоспарын бөлісті. 

ru.sputnik.kz


Алматылық "Қайрат" клубы болашақта өз матчтарының трансляциясын ақылы форматқа көшіруі мүмкін. Бұл туралы клуб төрағасы Қайрат Боранбаев мәлімдеді.

Қазір клуб басшылығы Қазақстан футбол федерациясымен телетрансляция құқықтарын өз бетінше сату мәселесін талқылап жатыр екен. 

"Қазіргі таңда телетрансляция құқықтарынан түсетін табысымыз — нөл. Себебі матчтар әзірге тегін көрсетіліп жатыр. Біз жеке клуб ретінде федерациядан бұл құқықтарды өзіміз сатуға мүмкіндік беруді көптен бері сұрап келеміз. Түсірілімді де, сатылымды да өзіміз ұйымдастыруға дайынбыз", — деді Боранбаев.

Трансляция талабы

Қазір Қазақстан чемпионаты матчтарының телетрансляция құқықтары орталықтандырылған жүйе арқылы жүзеге асырылады. Яғни трансляцияларға қатысты барлық құқық Қазақстан футбол федерациясы мен серіктес телеарналар пулына тиесілі.

Техникалық регламентке сәйкес, клубтар стадиондарды трансляция өткізуге бейімдеп беруге міндетті. Атап айтқанда, камера орындары, сұхбат аймақтары және интернет арналары дайын болуы керек. Алайда клубтардың бұл үшін ақы алуға құқығы жоқ.

Реклама
Реклама