"Шахтер" сырт алаңда "Таразды" сенімді жеңді (ВИДЕО)

Футбол шолушысы
Бүгін, 20:18

Қарағандылық "Шахтер" Қазақстанның Бірінші лигасындағы 11-турдан кейін көшбасшыға жақындай түсті.

instagram/@birinshiliga

"Шахтер" жылдам гол соқты

Қонақтар кездесуді белсенді бастап, 9-минутта есеп ашты. Қарағандылық команда сапынан Александр Мигунов мергендігімен көзге түсті.

Ерте соғылған гол "Шахтерге" ойын тізгінін өз бақылауында ұстауға мүмкіндік берді. Бірінші таймда "Тараз, есепті теңестіруге тырысқаныме үзіліске дейін таблодағы нәтиже өзгерген жоқ.

Литош жеңісті бекітті

Екінші таймның басында "кеншілер" басымдығын арттырды. Бұл жолы Артем Литош гол соғып, есепті 0:2-ге жеткізді.

Осыдан кейін қарағандылық клуб ойынды сенімді түрде аяқтады. 

Бұл жеңістен кейін "Шахтер" 28 ұпай жинады. Енді Бірінші лига көшбасшысы алматылық "Қайрат-Жастардан" небәрі бір ұпайға қалып тұр.

Ал "Тараз" 16 ұпаймен турнир кестесінде жетінші орында қалды.

Реклама
Реклама