Харри Кейн Роналдудың жеке рекордын жаңартты

Бокс шолушысы
Бүгін, 15:07

Тарихи көрсеткіш Англия құрамасының Панамаға қарсы ойынында тіркелді. 

NUR.KZ

Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн 2026 жылғы әлем чемпионатында Панамаға қарсы матчтан кейін тарихи нәтижеге қол жеткізді. Ол бір маусымда клуб пен ұлттық құрама сапында 70 гол соғып, Криштиану Роналдудың ең үздік көрсеткішінен асып түсті.

Англия құрамасы ӘЧ-2026 топтық кезеңінің үшінші турында Панаманы 2:0 есебімен жеңді. Осы кездесуде Харри Кейн мергендігімен көзге түсді. Ойынның 67-минутында Харри Кейн Джуд Беллингемнің пасынан кейін қарсылас қақпасын дәл көздеді. Осылайша, маусымдағы гол санын 70-ке жеткізді.

Роналдудың нәтижесі артта қалды

Харри Кейн осы көрсеткіш арқылы Криштиану Роналдудың жеке рекордын басып озды. Португалиялық жұлдыз 2011/12 маусымында барлық турнирде 69 гол соққан еді.

Айта кетерлік бір жайт, Кейн тек Роналдуды ғана емес, Лионель Мессидің екінші ең үздік нәтижесін де артта қалдырды. Аргентиналық футболшы 2012/13 маусымында 69 гол соққан болатын.

Дегенмен XXI ғасырдағы бір маусымда ең көп гол соғу рекорды әлі де Мессиге тиесілі. Ол 2011/12 маусымында барлық турнирде 82 гол соғып, футбол тарихындағы ең үздік көрсеткіштердің бірін тіркеген болатын. 

Реклама
Реклама