"Тоттенхэмнің" экс-бапкері Қазақстан құрамасынан неге бас тартты?

Бокс шолушысы
01.07.2026, 17:00

Австралиялық маман Анге Постекоглу Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне келмейтін болды.

championat.com

Постекоглумен келіссөз неге тоқтады?

AmanVIBE дереккөзі хабарлағандай, Қазақстан футбол федерациясы Анге Постекоглумен келіссөз жүргізген. Бірақ тараптар қаржылық шарттар бойынша ортақ шешімге келе алмаған.

Бұрын лондондық “Тоттенхэмді” жаттықтырған маман Қазақстан құрамасындағы жұмысы үшін жылына 5 миллион еуро сұраған. Бұл сома ҚФФ үшін тым жоғары болғандықтан келіссөз ары қарай жалғаспаған.

Анге Постекоглу соңғы рет Англия Премьер-лигасындағы “Ноттингем Форест” клубында еңбек етті. Оған дейін “Тоттенхэм” тізгінін ұстап, еуропалық футболда өз қолтаңбасы бар бапкер ретінде танылған.

Австралиялық маман шабуылға негізделген ойын мәнерімен белгілі. Сондықтан оның Қазақстан құрамасына келуі жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудыруы мүмкін еді. Дегенмен қаржы мәселе бұл ықтимал тағайындауға кедергі болды.

Қазақстан құрамасы жаңа бапкер іздеп жатыр

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен Талғат Байсуфинов кеткен. Оның отставкасы туралы ресми түрде 22 маусымда жарияланды.

Осыдан кейін ұлттық құраманың жаңа бапкері кім болатыны басты тақырыпқа айналды. Қазақстан футбол федерациясы бірнеше кандидатураны қарастыруы ықтимал.

Реклама
Реклама