"Қайрат" Чемпиондар лигасын Алматыда бастайды: билеттер сатылымға шықты

Жекпе-жек шолушысы
03.07.2026, 20:33

Алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы алғашқы үй матчының билеттері ресми түрде сатылымға шығарылды.

instagram/@f.c.kairat

Чемпиондар лигасындағы маусым Алматыда ашылады

УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясындағы "Қайрат" пен "Сутьеска" арасындағы матч 8 шілдеде Алматыда өтеді.

Кездесу Орталық стадионда ұйымдастырылады. Ойынның басталу уақыты — 20:00.

Клубтың хабарлауынша, ойынға билеттерді арнайы мобильді қосымшалар арқылы сатып алуға болады.

Билеттер мына платформаларда қолжетімді:

  • Qairat SuperApp
  • Freedom SuperApp

Билет сатып алу кезінде жанкүйерлерге ЖСН көрсету міндетті.

Билет бағасы қанша?

"Қайрат" пен "Сутьеска" арасындағы Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің алғашқы матчына билеттер бағасы 5 000 теңгеден басталады.

Клуб жанкүйерлерге билетті тек ресми қосымшалар арқылы сатып алуға кеңес береді.

"Қайрат" өкілдері билеттерді алыпсатарлардан сатып алмауға үндеді. Себебі мұндай билеттер жарамсыз деп танылуы мүмкін.

"Назар аударыңыз: сатып алынған билеттер қайтарылмайды. Билеттерді алыпсатарлардан алмауларыңызды сұраймыз. Мұндай билеттер жойылады, әрі матчқа кіре алмай қалуыңыз мүмкін. Бұл жанкүйерлер үшін де, ұйымдастырушылар үшін де қиындық тудырады. Егер билет сатып алу кезінде мәселе туындаса, +7 771 936 5353 нөміріне хабарласыңыз", — делінген клуб хабарламасында.

Клуб жанкүйерлерге Орталық стадионға матч басталардан 2-3 сағат бұрын келуге кеңес берді. Бұл кезекте ұзақ тұрмауға және еурокубок кешінің атмосферасын толық сезінуге мүмкіндік береді.

Реклама
Реклама