"Астана" елордалық дербиде жеңіске жетіп, үштікке жақындады (ВИДЕО)
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 16-турында "Астана" "Жеңісті" минималды есеппен ұтты.
Мақсат Абраев жеңіс голын соқты
Бірінші таймда ойын алма-кезек шабуылдармен өтті. Екі команда да допқа иелік ету мен қарымта шабуылда белсенділік танытты. Бірақ үзіліске дейін есепті "Астана" ашты.
Мақсат Абраев айып алаңы маңынан дәл соққы жасап, допты Максим Плотников қорғаған қақпаның бұрышына бағыттады. Бұл гол кездесудің тағдырын шешкен жалғыз нәтижелі соққыға айналды.
"Жеңіс" есепті теңестіре алмады
Екінші тайм басталғаннан кейін "Жеңіс" жылдам жауап қайтаруға тырысты. Дегенмен қонақтар шабуылдағы қарқынын ұзақ сақтай алмады. Уақыт өте келе команда қорғанысқа көбірек көңіл бөліп, "Астана" өз басымдығын сақтап қалды.
Осы жеңістен кейін "Астананың" еншісіне 26-ұпай жазылды. Елордалықтар Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде төртінші орынға көтерілді. Оларды үшінші сатыда тұрған көкшетаулық "Оқжетпестен" небәрі бір ұпай бөліп тұр.
Ал "Жеңіс" 18 ұпаймен кестенің орта тұсында қалды.