Мексика - Англия матчына билет 57 есе қымбаттап кетті

Бас редактор

Әлем чемпионатының 1/8 финалы аясындағы бұл ойын 6 шілде күні өтеді. 

Мексика - Англия матчына билет 57 есе қымбаттап кетті
rus.delfi.ee

2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында өтетін Мексика - Англия матчына билет бағасы күрт өсті. BBC мәліметінше, кей билеттер ресми ФИФА платформасында бастапқы құнынан 57 есе қымбат сатылып жатыр.

Ең қымбат билеттер 30 мың долларға жетті

BBC ақпараты бойынша, ең қымбат билеттердің бастапқы бағасы 605 доллар болған. Қазір олар 30 мың доллардан сатылып жатыр. Ал ФИФА сатып алушыдан алатын 15 пайыздық комиссияны қосқанда, бір билеттің жалпы құны 34 500 долларға дейін жетеді.

Бұл сома билеттің бастапқы бағасынан 57 есе жоғары.

Ең арзан билет те 12 есе қымбаттаған

Бағаның өсуі тек премиум орындарға ғана қатысты емес. Ең арзан билеттер де бірнеше есе қымбаттаған. Бастапқы номиналды құны 295 доллар болған билет қазір 3448 долларға сатылып жатыр. Бұл алғашқы бағадан шамамен 12 есе көп.

BBC мәліметінше, соңғы үш күннің өзінде Мексика — Англия матчына билеттер бағасы тағы көтерілген.

Әлем чемпионаты жаңа форматта өтіп жатыр

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Мексика және Канадада өтіп жатыр. Турнир 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады.

Биылғы мундиаль алғаш рет 48 құраманың қатысуымен ұйымдастырылды.