"Қайрат" Чемпиондар лигасын драмалық жеңіспен бастады (ВИДЕО)
Алматылық "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/2027 маусымындағы алғашқы іріктеу кезеңін Черногорияның "Сутьеска" клубына қарсы бастады.
Алғашқы матчтағы жеңіс
Ойын басында қонақтар Темірлан Анарбеков қорғаған қақпа маңында қауіпті сәт ұйымдастырды. Бірақ көп ұзамай алаң иелері допқа бақылау орнатып, қарсылас қорғанысын қысымда ұстай бастады.
Бірінші таймда "Қайрат" сапынан Жоржиньо гол соққанымен төреші нәтижелі соққыны есепке алмады. Осылайша командалар үзіліске дейін есеп аша алмады.
Африко есеп ашты, Гуаль жеңіс голын соқты
Екінші таймда алматылықтар шабуылдағы белсенділігін арттырды. Нәтижесінде Лукас Африко "Сутьеска" қақпасына гол соғып, командасын алға шығарды.
Дегенмен ойын соңында черногориялық клуб таразы басын теңестіріп кетті. 90-минутта Марко Мрвалевич мергендік танытты.
Ал "Қайрат" соңғы минуттарға дейін күресті тоқтатпады. Негізгі уақытқа қосылған минуттарда Марк Гуаль шешуші голды соғып, алматылық клубқа маңызды жеңіс сыйлады.
"Қайрат" пен "Сутьеска" арасындағы қарымта кездесу 15 шілдеден 16 шілдеге қараған түні өтеді. Екі матч қорытындысы бойынша келесі кезеңге жолдама алатын команда анықталады.