ӘЧ-2026: Норвегия - Англия матчы кейінге шегерілуі мүмкін

Бас редактор

Оған ауа райының құбылуы себеп. 

ӘЧ-2026: Норвегия - Англия матчы кейінге шегерілуі мүмкін
El.kz

Майамиде ауа райы құбылуы мүмкін

2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалы аясындағы Норвегия - Англия матчы кейінге қалуы мүмкін. Бұған ауа райының құбылуы себеп болады деген қауіп бар.

Норвегия мен Англия құрамалары арасындағы ширекфиналдық кездесу 12 шілдеге жоспарланған. Ойын Майамидегі "Хард Рок" стадионында өтуі тиіс. Матчтың басталу уақыты – Астана уақытымен 02:00.

Mirror мәліметі бойынша, алдағы демалыс күндері Майамиде ауа температурасы 34°C-қа дейін көтерілуі мүмкін. Сонымен қатар қалада найзағай ойнауы мүмкін деген болжам бар. Десе де, ФИФА тарапынан әзірге ресми шешім жарияланған жоқ.

Англия мен Норвегия жартылай финал жолдамасына таласады

Норвегия – Англия кездесуі 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалындағы маңызды матчтардың бірі саналады. Жеңімпаз жартылай финалға жолдама алады.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Мексика және Канадада өтіп жатыр. Турнир 11 маусымда басталды және 19 шілдеде аяқталады.

Қазіргі әлем чемпионы – Аргентина құрамасы. 2022 жылғы Қатардағы финалда аргентиналықтар Францияны жеңіп, чемпион атанған еді.