ӘЧ-2026: Жартылай финалға шығатын құрамалар аталды

Бокс шолушысы

Жуырда Opta суперкомпьютері ширек финал матчтарына болжам жасады. 

ӘЧ-2026: Жартылай финалға шығатын құрамалар аталды
vedomosti.ru

Opta Analyst статистикалық порталы 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финал матчтарына болжам жасады. Суперкомпьютер төрт жұптағы командалардың жартылай финалға шығу мүмкіндігін есептеп, басты фаворит ретінде Франция құрамасын көрсетті.

Дидье Дешам шәкірттерінің Мароккодан басым түсу мүмкіндігі 74 пайыз деп бағаланды.

Марокко құрамасына 26 пайыз мүмкіндік берілген. Осылайша Франция бұл жұпта айқын фаворит саналып отыр.

Испания мен Аргентина да фавориттер қатарында

Испания құрамасының Бельгияға қарсы матчтағы мүмкіндігі 70 пайызға бағаланды. Ал Бельгияның жартылай финалға өту ықтималдығы 30 пайызды құрайды.

Аргентина мен Швейцария жұбында да басымдық қазіргі әлем чемпиондарының жағында. Opta суперкомпьютері Аргентинаның мүмкіндігін 69 пайыз, ал Швейцарияның ықтималдығын 31 пайыз деп көрсетті.

Ең тартысты жұп — Англия мен Норвегия

Ширек финалдағы ең тартысты матч Англия мен Норвегия арасында өтеді деп күтіледі.

Opta есебі бойынша, Англияның жартылай финалға шығу мүмкіндігі 62 пайыз. Норвегияға 38 пайыз берілген. Бұған дейін дәл осы матч кейінге қалуы мүмкін екені хабарланған еді. 

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Мексика және Канадада өтіп жатыр. Турнир 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады.