"Қайрат" еурокубок плей-оффындағы ықтимал қарсыласын білді
Алматылық клуб алдағы кездесулерде "Левски" командасын жеңсе Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде грекиялық клубпен кездесуі мүмкін.
Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/2027 маусымына арналған плей-офф кезеңінің жеребесі өтті. Егер Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның “Левски” клубынан басым түссе, плей-офф кезеңінде Грекияның АЕК (Афина) командасымен кездеседі.
Афиналық команда өткен маусымда Грекия чемпионатында жеңіске жетіп, турнир кестесінде “Олимпиакос”, ПАОК және “Панатинаикос” клубтарын артта қалдырған.
“Левскиге” қарсы кездесу
Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матч “Левски” - “Қайрат” кездесуі ертең, 4 тамызда София қаласында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 22:30-да басталады. Қарымта кездесу 11 тамызда Түркістан қаласында ұйымдастырылады. Бастапқыда матч Алматыдағы Орталық стадионда өтуі тиіс болған, алайда америкалық рэпер Канье Уэсттің концертіне байланысты ойын орны ауыстырылды.
Плей-офф ойындарының мерзімі
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчтар 18/19 тамызда, ал қарымта кездесулер 25/26 тамызда өтеді. Ойындардың нақты уақыты кейінірек жарияланады.