Ислам Чесноков РПЛ клубына ауысады
Қазақстан құрамасы мен Қостанайдың "Тобыл" клубының вингері Ислам Чесноков мансабын Ресей Премьер-лигасында жалғастыруға жақын.
Трансфер бойынша келісім жасалған
Дереккөздің хабарлауынша, тараптар Ислам Чесноковтың трансфері бойынша толық келісімге келген. Қазір мәмілені ресми түрде рәсімдеу жұмыстары аяқталу сатысында.
Қазақстандық футболшының "Крылья Советов" клубына қысқы трансферлік кезеңде қосылатыны күтіледі.
Егер келісім ресми түрде аяқталса, Ислам Чесноков самаралық клубтың ойыншысы атанады және Ресей Премьер-лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алады.
Чесноков "Хартста" да ойнады
Чесноков жыл басында Шотландияның "Хартс, клубына ауысқан. Қазақстандық футболшы аталған команда сапында 11 матч өткізіп, бір гол соқты.
Сонымен қатар клубпен бірге ел чемпионатының күміс жүлдесін еншіледі.
Вингер шілде айында қайтадан Қостанайдың "Тобылына" оралды.