ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Петропавлдағы матчта балалар тікелей эфирді "басып алды" (ВИДЕО)

Петропавлда Екінші лигадағы "Қызылжар" – "Алтай" матчы кезінде күтпеген жағдай болды.

Петропавлдағы матчта балалар тікелей эфирді "басып алды" (ВИДЕО)
kffleague.kz

Балалардың сөзі тікелей эфирге шығып кеткен

Ақпаратқа сәйкес, балалар стадиондағы дыбыс жабдығына кедергісіз жақындаған. Олар матчтың YouTube-трансляциясы жүріп жатқанын аңғармай, микрофон маңында балағат сөздер аралас тақпақ айтқан.

Нәтижесінде олардың дауысы көрермендерге анық естілген.

Матчты онлайн тамашалаған қолданушылар бұл сәтті бірден жазып алып, бейне бірнеше сағаттың ішінде Telegram-арналар мен спорттық парақшаларға тарап кеткен.

Оқиғаға байланысты ішкі тексеріс жүргізілді

NUR.KZ тілшісіне кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясы жағдайға қатысты түсініктеме берген.

Дирекция өкілдерінің мәліметінше, Қазақстан Екінші лигасының матчы кезінде тікелей эфирге әдепсіз сөздердің тарап кетуіне байланысты ішкі тексеріс жүргізілген. Тексеру барысында көрермендердің футбол алаңының периметріне қойылған микрофондардың біріне қол жеткізгені анықталған.

Бұл құрылғылар матч кезіндегі стадион атмосферасын, яғни алаңдағы табиғи дыбысты эфирге беру үшін пайдаланылады.

Оқиға үзілісі кезінде болған

Дирекцияның хабарлауынша, үзіліс кезінде балалар осындай микрофондардың біріне жақындап қалған. Соның салдарынан олардың балағат сөздер аралас әңгімесі тікелей трансляцияға шыққан.

Ұйым өкілдері алаң маңындағы интершум микрофондарының орналасуына байланысты олардың әрқайсысын тұрақты бақылауда ұстау қиын екенін атап өтті. Соған қарамастан алдағы матчтарда мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданбақ.

Дирекция өкілдері бұл эпизод үшін кешірім сұрап, көрермендерге түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.

Бұл туралы не ойлайсыз?